Израиль кәсіпкерлері Түркістанға келмек

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Израиль мемлекетінің Қазақстан және Қырғызстан Республикаларындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельманмен кездесті.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастық жайлы сөз болып, агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жоғары технологиялар саласындағы, сондай-ақ, өңірдегі туризм саласын дамыту жайы талқыланды.

«Түркістан қаласын 2050 жылға дейін дамытуды жоспарлаудамыз. Қаланың тарихи әрі туристік орталық болатыны анық. Келешекте жылына 5 миллион турист келеді деген болжам бар. Бұрын пандемияға дейін қаламызға бір жарым миллион турист келген болса, пандемия кезінде 900 мыңға жуық адам келді. Биылғы жылы әсіресе демалыс күндері тәулігіне 12 мың турист келуде. Жалпы біз осы жылы 2 миллионға жуық турист келеді деп болжап отырмыз» деді Рашид Аюпов.

Кездесу соңында, облыс әкімінің орынбасары мәртебелі мейманды Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Израиль кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз