Шоқтасқа газ келді

Кентау қаласына қарасты Шоқтас елді мекені газға қосылды. Айтулы шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов тұрғындарды қуанышты сәттермен құттықтады. 

«Ауыл инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жоспарға сай жүзеге асырылып отыр. Жауапты мекеме қызметкерлері тұрғындарға газды жеке үйлерге қосу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Елді мекенде 38 отбасы бар. Тұрғындарға табиғи газды жеткізу үшін 14,865 шақырым газ құбыры жүргізілді» деді Нұрбол Көкенов. 
Сондай-ақ, әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, қажетті құжаттарын жинақтап, абоненттер санына қосыла алады.
Үйіне алғашқылардың бірі болып газ кірген – Бақтылы Абдуллаев. Зейнеткер «көгілдір отын» шарапатын көруге ықпал еткен барша жанға алғысын білдірді.
Пікір қалдырыңыз