Нұртас әйгілі суретші болуды армандайды

Әр баланың бойында белгілі бір салаға деген ерекше ынта мен қабілет болады. Егер оның талабын шыңдай білсе, жас жеткіншек уақыт өте келе үлкен талантқа айналуы мүмкін. Бұл сөзімізге Нұртас есімді жас өнерпаздың жұмыстары дәлел. 

Нұртас Сансызбай – Жетісай ауданындағы №37 «Еңбек» орта мектебінде 7-сыныпта оқиды. Ол сурет өнеріне ерекше қызығады. Қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев секілді ұлы суретші болуды армандайды. 
Нұртас Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай өткізілген сурет байқауында жеңімпаз атанды. Бұдан бұрын жасөспірімдер арасында өткізілген Жетісай аудандық суретшілер байқауында ІІІ орын иеленген болатын. 
Бала кезден бойға сіңген асыл өнерді келешекте де жалғастырамын дейді кішкентай өнерпаз. Аудан намысын түрлі байқауларда абыройлы қорғап жүрген Нұртас Сансызбайға талабыңа нұр жаусын демекпіз.

Айман ЕДЫНОВА,
 №37 «Еңбек» жалпы орта мектебінің мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Пікір қалдырыңыз