«Жас ұлан» жеңіспен оралды

Халық Қаhарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы колледжде әскери-спорттық ойындар  жарысы өтті. Оған «Жас ұлан» республикалық мектептері мен мамандандырылған лицейлердің тәрбиеленушілері қатысты. 

Еліміздің барлық өңірлерінен келіп жарысқа қатысқан елуден астам тәрбиеленуші президенттік тест – қысқы әскери-спорттық ойындары: пневматикалық винтовкадан оқ ату, белтемірге тартылу, шаңғымен жарысу сияқты ойын түрлері бойынша бәсекеге түсті. Оған Шымкенттегі «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері де қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп қайтты. Атап айтқанда, шымкенттіктер командалық есеп бойынша жүлделі орынды иемденді. Дүбірлі додада жүзден жүйрік шыққан «Жас ұлан» мектебінің командасын айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз. 

Айкен ОСПАНҚҰЛОВА,
«Жас ұлан» мектебінің қызметкері.
Шымкент қаласы.
Пікір қалдырыңыз