БЖЗҚ: Сәуір айындағы өзгерістер туралы білгіңіз келе ме?

Бірыңғай жинақтаушы зейнет-ақы қорының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігі, ондағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы білгісі келетін оқырмандар аз емес. Сондай азаматтардың сұрақтарына «БЖЗҚ» АҚ Шымкент қаласы филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләззат Мүсірәліқызы ДҮЙСЕНОВА жауап береді.

 

– Биылғы сәуір айынан бастап төлемдер өзгерді деп естідім, ол енді қалай есептелетін болады?

Айгүл ЖАПАҚОВА, «Қазығұрт» шағынауданының тұрғыны.

 

– БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы

2 қазандағы №1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан кем емес мөлшерінде жүзеге асырылады. (Бұрын зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан кем емес мөлшерінде еді).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес, 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5%.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады – 5%.

Мысал келтірейік:

Зейнетақы жинағының сомасы = 6 000 000 теңге;

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнет-ақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай =32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500+32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан басқа зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кету керек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272=1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылатын болады, ол кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады.

Осылайша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесі алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

– Мен жинақтарымды мерзімінен бұрын алуға өтініш бердім, алайда, ол қанағаттандырылмады. Қайта өтініш беруге бола ма?

Алмас ШОҚАНОВ. Қаратау ауданы.

 

– Уәкілетті операторлардан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетіп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.

Бірінші себеп: салымшының уәкілетті операторға берген өтінішінде алуға болатын сомада қате кетсе, оның ішінде қолда бар зейнетақы жинақтарының мөлшерінен асыра көрсетілсе.

Ұсыным: қолжетімді сома туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз зейнет-

ақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында) тікелей уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берер алдында тексеру.

Екінші себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға болатын соманың дұрыс көрсетілмеуі.

Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екі тәсілдің бірін таңдауға құқығы бар.

Бірінші тәсіл – ЖТС төлеуді кейінге қалдырып, оны зейнеткерлікке шыққаннан кейін (БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екінші тәсіл – салықты біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде бірден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсілін уәкілетті операторға беретін өтініште көрсеткен жөн.

Егер салымшы ЖТС төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаса, онда өтініште алуға болатын соманы ЖТС шегерімінсіз көрсету қажет.

Егер салымшы ЖТС-ті толық көлемде бірден төлеуді шешсе, онда ол өтініште алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі ЖТС-ті шегере отырып көрсетуі тиіс.

Екі сома да БЖЗҚ-дан берілетін үзінді көшірмеде салымшыға ыңғайлы әрі өз бетінше таңдау жасау үшін көрсетілген. Салымшы алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкілетті операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

Үшінші себеп: салымшының өтінішінде алуға болатын сома ең төменгі жеткіліктілік шегі есепке алынбай көрсетілген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетілген).

Ұсыным: өтініште салымшы БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеде көрсетілген және алуға қолжетімді соманы көрсетуі керек.

Төртінші себеп: өтініште валюта бағамдарының немесе зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістер ескерілмеген өзекті емес сома көрсетілген.

Ұсыным: өзінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында тексеру.

Бесінші себеп: салымшы қайтадан, алдыңғы өтінімді тағы да берді.

Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде БЖЗҚ операторға кейіннен салымшының (алушының) уәкілетті оператор ашқан арнайы шотына есепке жатқызу үшін біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын аударады.

Егер БЖЗҚ-дан уәкілетті операторға бас тарту себебі көрсетілген, төлемді аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келіп түспесе, онда салымшы жинақ сомасы оның арнайы шотына аударылғанша бес жұмыс күн тосып, уәкілетті операторға қайтадан өтініш бермей, күте тұруы керек.

Естеріңізге сала кетейік, салымшының БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сомасы болған кезде оны пайдалануға өтініш бірнеше рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себеппен салымшыға біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін жойып, уәкілетті операторға қайта өтініш беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда осы мақсаттарға алуға болатын сома шегінде жекелеген өтініштер беруге болады.

 

 

Пікір қалдырыңыз