Қырыққабат егу басталды

Мақтаарал. Соңғы жылдары мақтааралдық шаруалар қырыққабат өсіруге шындап көңіл аудара бастады. Ауданда жыл сайын 1000 гектардан астам алқапқа көкөністің осы түрі егіледі.

Шаруалар дайын өнімді Ресей, Беларусь елдеріне экспорттайды. Қаңтардың ортасында еліміздің орталық, солтүстік өңірлерін қалың аяз құрсауласа, Мақтаарал ауданында қырыққабат егу науқаны басталады. Осылайша наурыздың соңы мен сәуірдің басында өнім пісіп, шаруалар пайдаға кенеле бастайды. Қырыққабаттың соңынан мақта немесе бақша дақылдарын егіп, жылына 2-3 өнім алатын шаруалар да бар.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.

 

 

Пікір қалдырыңыз