Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
![](https://okg.kz/assets/images/posts/07811dc6c422334ce36a09ff5cd6fe71/b76f09d39f8561dd17f1a4052bb67f18.jpg)
Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.
Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ, жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты.
Өз кезегінде Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ, ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.