Шағын цех іске қосылды

Сауран ауданына қарасты Иассы ауылдық округінде матрас шығаратын шағын цех іске қосылды. Цехтың ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, ауылдық округ әкімі Сыздық Пірметов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Цех құрылысы былтыр басталып, биыл пайдалануға беріліп отыр. Жобаның құны 300 млн. теңгені құрайды. Онда жылына 3600 дана матрас шығарылады деп күтілуде. Цехта 5 адам тұрақты жұмыс істейді. 
Цех басшысы Ильяс Құлахметов алдағы уақытта өңдеу өнеркәсібін 2 есе үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр. Саураннан шығатын матрастарға сұраныс жақсы, әсіресе, Атырау және Қызылорда облыстарынан жиі тапсырыс түседі екен. Жұмысшылардың орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Оларда өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құрады. Биыл оны 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. 
Пікір қалдырыңыз