Қамба астыққа толды

Бәйдібектік шаруалар астық жинау науқанына кірісіп те кетті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша Алмалы, Боралдай ауылының диқандары 1665,88 гектарға жаздық бидай еккен болатын, бүгінде астық түгел жиналған. Аудан бойынша гектар түсімділігі 14,4 центнерді құрады.

11475,9 гектар алқапқа арпа егілген. Ағыбеттіктер әр гектардан 16 центнерден өнім алды. Ал, басқа шаруашылықтар 14 центнерден арпа жинады. Қазіргі таңға 15382 тонна өнім қамбаға түсті.

Бүгінде Ағыбет, Алмалы, Борлысай, Жамбыл, Көктерек ауылының диқандары күздік бидайды оруды бастап та кетті. Биыл 41385 гектар жерге күздік бидай егілсе, оның 19572 гектарына орақ түсіп, 37053 тонна астық бастырылды.

– Бөген ауылдық округі аумағындағы «Шоңай» шаруа шаруашылығы қара бидайдан орта есеппен 60 центнерден өнім алды. Жалпы биыл шаруалар қамба толады деп отыр, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов.

Эльмира ЖАМАШОВА. Бәйдібек ауданы.

 

 

Пікір қалдырыңыз