Бір жылда екі рет өнім алмақ

Төлеби ауданына қарасты Бірінші мамыр ауылдық округіндегі «Баймырза» шаруа қожалығы 3 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алуда. Серіктестік меңгерушісі Ахледдин Заиров биыл 1 гектарға қызанақ, 0,5 гектарға қияр және 1,5 гектар жерге картоп пен сәбіз еккен. Қожалықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде қосымша жұмысшылар тартылады. Шаруа бүгінге дейін қиярдан 4 тонна өнім алып, оны жергілікті сауда орындарына өткізген. Жиналған қияр орны қайта өңделіп, ол жерге тағы да күздік қияр егілетін болады. Сонымен қатар, бұл шаруашылықта картоп пен қызанақ жинау жұмыстары басталған.

Округтегі жылына 2-3 өнім жинайтын қожалықтың бірі – «Көл-2005» ЖШС. Серіктестік 3 гектар алаңның 2 гектарына қызанақ, 0,5 гектарына қияр және жарты гектар жерге сәбіз егуде. Мұнда 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде олардың қатары 10-ға көбейеді. Қазір күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр, тамыз айының басында өнім жиналады. Қожалық өнім толық жиналып болған соң, жерді өңдеп, күздік қияр егуді жоспарлауда. Егістіктен жылына екі рет өнім алуды кәсіп еткен Бірінші мамыр ауылдық округіндегі Раушанбек Улходжаев жеке кәсіпкерлігі 3 гектар жерге қырыққабат, 1,5 гектарға қызанақ, 1,5 гектарға қияр және 0,3 гектарға болгар бұрышын еккен. Шілде айының соңынан бастап қиярдан алғашқы өнім жинау күтілуде. Онда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, маусымдық кезеңде 10-15 адам қосымша жұмысқа тартылатын болады. Шаруа екінші өнімге күздік қызанақ пен қияр егуді жоспарлауда.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз