Жақсылығы көп жарты жыл

Түркістан облысының қолайлы ауа райы ауыл шаруашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруашылығына машықтанған. Биылғы жарты жылдың көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд. теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикадағы жоғарғы көрсеткіш болып есептеледі.

Осы 6 айда 578,5 мың тонна ет және сүт өнімдері  өндірілді. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9%-ды көрсетті. Бұл көрсеткіштің 139%-ы  Сайрам ауданының, 132%-ы Қазығұрт ауданының, 125%-ы Кентау қаласының үлесінде.
Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна бидай, арпа және бақша өнімдері жиналды (105,5%). Егін шаруашылығының табысы 41,4 млрд. теңгеге жетіп, өсім қарқыны 109%-ға артты. Оның ішінде Бәйдібек ауданында өсім қарқыны 11,6 есе артса, Қазығұртта – 117%-ға, Шардарада  112,2%-ға жетті.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті мәжілісте жауапты сала басшысы мен аудан, қала әкімдеріне өнімділікті арттыруды тапсырды. Кемшіліктерге жол бермеуді, жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда. Өңірде егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарынан бөлек, осы технологияларды шығару қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, тамшылатып суару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

1 пікір

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз