Жаңа орталық жұмысын бастады

Бәйдібек ауданының орталығы — Шаян елді мекенінде «Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызәлиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарттарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасау арқылы денсаулықтарын нығайтуға көмектесу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Сондықтан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылуын ауданның әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам деуге болады.
Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда кәсіби мамандар қызмет көрсетеді. Орталық қызметіне мүгедектігі бар азаматтар мен зейнеткерлер жүгіне алады. Әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.