Әкелер күніне арналды

Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Әкелер күніне» орай аудандық ардагерлер үйінде «Дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Ақтаев және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалымжан Мырзалы қатысты.
Алғаш болып сөз алған мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров осы атаулы күннің маңызына тоқталып, отбасы құндылықтарын дәріптеуде, әкенің бала тәрбиесі мен қоғамдағы рөлін қайта бағамдауда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын барысында ардагерлер, қоғам белсенділері және сала мамандары әке тәрбиесінің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мен ер азаматтардың жауапкершілігін арттыру секілді өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі.