Сайрамдықтар сәтті өнер көрсетті

Алматы облысы, Қарасай ауданында U23, U17 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен республика біріншілігінде Сайрам ауданының жас балуандары табысты өнер көрсетті. 

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекеде Қадыр Ақбота 73 келі салмақта, Эламас Зейнеп 69 келі салмақта 1 орынға ие болды. Ал, 23 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекеде Аяжан Маркашева 55 келі салмақта ІІ орынға, Наурызбай Күлдәр 57 келі салмақта ІІІ орынға ие болды. 

Сондай-ақ, Петропавл қаласында 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі мәреге жетті. Бұл сында да Сайрам ауданының спортшылары сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еркін күрестен Айтуған Нұрислам 85 келі салмақта жеңімпаз атанды. Оның жаттықтырушысы – Б. Өтегенов. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз