«Тұран» – қола жүлдегер

Баскетболдан жоғары лигада өнер көрсететін ерлер командалары XXXII Қазақстан чемпионатының соңғы турын Щучинск қаласында өткізді. Қызықты әрі тартысқа толы маусымда соңғы турларға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Себебі, «Astana Tigers» пен «Шымкент» командалары үзеңгі қағыстырып, мәреге қатарласа жетті.

Елорданың «Astana Tigers» командасы соңғы турда қарсыласын 1 ұпай басымдықпен жеңіп, чемпионат жеңімпазы атанды. Ал, «Шымкент» командасы 50 ұпаймен 2-ші орынды иеленсе, үздік үштікті 48 ұпайымен Түркістан облысының «Тұран» командасы түйіндеді.

«Барс», «ЧелМУ», «Қарағанды», «Барсы Атырау-2» командалары да тартысты ойын өрнегін көрсетіп, маусым көрігін қыздырды. Айта кетейік, «Тұран» командасының ойыншысы Бекзат Маматрайымов жоғары лиганың MVP-і (ең үздік ойыншысы) атанды. Сондай-ақ, «тұрандық» тағы бір ойыншы Әлімжан Мақсұтов та үздіктер қатарынан көрінді. 

Юнус Ирисметов жаттықтыратын түркістандық ойыншылар «келер жылы чемпионаттың алтын жүлдесі үшін күресеміз» деп отыр.

Пікір қалдырыңыз