Балғын боксшылардың аяқ алысы қуантты

Алматы облысында бокстан жасөспірімдер арасында ел біріншілігі аяқталды. Жарысқа республиканың барлық аймағынан кіл мықтылар жиналды. 

Бұл сында түркістандық спортшылар табысты өнер көрсетті. Атап айтсақ, 37 келіде қолғап түйістірген Аңсар Үсенхан мен 70 келіден жоғары салмақта өнер көсеткен Жәдігер Мүсірәлі барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. Ал, 37 келідегі Қуаныш Халимбет күміс жүлдені иемденді.
Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.
Ел біріншілігінде жоғары нәтиже көрсеткен 3 спортшы да Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Ал, 2010-2011 жылы туған  қыздар арасында ел біріншілігі Екібастұз қаласында өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының боксшы қыздары 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, 40 келіде қолғап түйістірген Шұғыла Жарыс чемпион атанып қана қоймай, біріншіліктің «Ең үздік боксшысы» номинациясына ие болды. Ал, 33 келіде өнер көрсеткен Ұлжалғас Төлебай мен 61 келідегі Жанет Шаттық күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, 33 келіде Арайлым Қобылан, 35 келіде Әмина Қалбай, 40 келіде Жазира Танжар, 46 келіде Асу Мысқылбай, 52 келіде Бибісара Талғат қола жүлдені олжалап, өңір мерейін үстем етті.

Пікір қалдырыңыз