Бір алтын, бір қола

Тараз қаласында 3x3 баскетболдан көктемгі ел чемпионаты мәреге жетті. Оған U-12, U-14, U-16, U-18 ұлдар мен қыздар қатысып, кім күшті анықталды. 

Тартысты өткен жарыста Түркістан облысының U-12 ұлдар құрамасы барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, біріншілік жеңімпазы атанды. Команда құрамында Құдайберген Әбдімәліков, Диербек Равшанов, Әзімжан Камалжанов, Азизбек Бахтияров сынды талантты өрендер өнер көрсетті.
Жарыста өзінің шеберлігімен көзге түскен жерлесіміз Азизбек Бахтияров «Үздік ойыншы» атанды.
Ал, қыздар арасында U-18 құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл сында облыс намысын Аружан Нұрқожаева, Зиёда Сайдахметова, Анель Әсілбек, Алтынгүл Тобылғиева сынды арулар қорғады.
Айта кетейік, ел чемпионатында өңір намысын асқақтатқан баскетболшылар Нұржан Қаңлыбаев басқаратын облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
Пікір қалдырыңыз