Ескекшілер олжалы оралды

Байдарка мен каноэ есуден ел чемпионаты аяқталды. Айтулы сында Түркістан облысының ескекшілері 34 медаль жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, 8 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль еншіледі. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің директоры Денис Жәрменов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Спортшылардың жетістігін жоғары бағалаған ол Париж Олимпиадасының жолдамаларын көбірек алу және жүлдеге қол жеткізу маңызды екенін жеткізді. 
Ел чемпионатының жеңімпаздары 18-21 сәуір аралығында Токиода өтетін Олимпиаданың лицензиялық турниріне қатысады. 
Атап айтсақ, байдаркашылар – Бекарыс Раматулла, Ольга Шмелева және каноэде есуден Полат Төребеков Азияның лицензиялық чемпионатында бақ сынамақ. 

«Оңтүстік»-ақпарат.
Пікір қалдырыңыз