Сағындық Тоғамбай чемпион атанды

Әзербайжан астанасы Бакуде «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары үш алтын, екі күміс, бір қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Алтын жүлденің бірін ұлттық құрама мүшесі, Түркістан облысының боксшысы Сағындық Тоғамбай жеңіп алды. 
Сағындық Тоғамбай 92 келіде сынға түсіп, финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Лорен Альфонсо Домингесті жеңіп, сенсация жасады. Қарсыласына еш мүмкіндік бермеген жерлесіміз үш раундта да жасындай жарқылдады. 
Баку төріндегі додада Сағындықпен бірге Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай да алтын медаль еншілесе, Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдегер атанды. Ал, Бекзат Таңатар қола жүлдені еншіледі. 

Абай  Жарылқасын,
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының оқушысы.
Пікір қалдырыңыз