Әбділда Аймақ апталығы басталды

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған.

Ордабасы ауданында, Қ. Бектаев жалпы орта мектебінде ауданның Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Құрмет орденінің иегері, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Әбілда Аймақтың туғанына 70 жыл толуына орай «Өлең маған ғашық-ау, мен өлеңге» атты еске алу кеші өтті.

 

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен шараға Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, сазгер, ғалым Бекжігіт Сердәлі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның «Құрметті азаматы», «Ажар» сыйлығының лауреаты Роза Нарымбетова, Түркістан облыстық жазушылар одағының төрағасы, ақын Айдар Сейдазым, 2023 жылдың үздік жас тілшісі, журналист ақын Бауыржан Ерман қатысты.


Шара барысында әуезді ән шырқалып, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқушыларға кітапхана директоры Жанат Шардарбекова атынан алғыс хат табысталды.

 

Пікір қалдырыңыз