Ернұр – ерледі!

Словакияның Шаморин қаласында дзю-додан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы жолындағы бәсеке мәреге жетті. Дүбірлі сында қазақстандық жасөспірімдер сәтті өнер көрсетті. Олардың арасында Түркістан өңірінің өрені Ернұр Батырғали да бар.
Тартысты өткен бәсекеде Ернұр Батырғали 55 келіден жоғары салмақта бақ сынап, барлық қарсыласынан басым түсті. Талантты спортшы өзінің мықтылығын дәлелдеп, алтын медальға ие болды. 
Айта кетейік, Словакия төріндегі сайыста қазақ дзюдошылары 12 медаль жеңіп алды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз