Палестина дағдарысы – планета дағдарысы...
Бүгінде әлемде аса қатерлі саяси проблемалардың бірі – Палестина–Израиль қақтығысы болып тұр. Бұл әлемдегі ең ұзаққа созылған шиеленістердің бiрi. 75 жылдан бері жалғасып келе жатқан текетірес әлi күнге дейін шешімін таппай, әлем мемлекеттерін екіге жарып тынды.
Израиль мен Палестина арасындағы бірде өршіп, бірде басылып отырған жанжал 2023 жылдың 7 қазанында тағы ушықты. Палестиналық ХАМАС қозғалысы алдымен Газа секторынан Израильге бес мыңға жуық зымыран атып, кейін содырлар Израильге шабуыл жасай бастады. Оған жауап ретінде 8 қазанда Израиль үкіметі елдің соғыс жағдайына өткенін хабарлап, Газа секторында арнайы операция бастады. Деректерге сүйенсек, соңғы мәліметтер бойынша Палестина–Израиль қақтығысы басталғалы бері екі тараптан мыңдаған адам қаза тапқан. Жараланғандарда есеп жоқ.
Қазіргі таңда орын алған жаңа қақтығыстан соң әлем назары халық тығыз орналасқан әрі кедей анклавқа қайта ауды. Неге Газа секторы жиі қақтығыс аймағына айналады? Бұл сауалға жауап беру үшін текетірестің себеп-салдары, жалпы екі ел арасындағы қақтығыстың тарихына көз жүгіртелік.
Израиль–Палестина қақтығысының тарихы тереңде жатыр. ХХ ғасырдың басына дейін Израиль деген ел картада болған жоқ, еврейлер әлемнің көптеген елдерінде диаспора болып өмір сүрді, ол кезде картада Түркияның қол астындағы Палестина болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін әлемді кезекті бөлісу басталды. Германияның одақтасы Түркия жеңіліске ұшырап, Осман империясы ыдырағаннан соң, жеңімпаз державалар оның кең иеліктерін өздерінің ықпал ету салаларына бөледі. Англия, Франция және Ресей 1916 жылы оның Таяу Шығыстағы мүдделерін шектейтін Сайкс-Пико құпия келісіміне қол қояды. Кейінірек оларға Италия қосылады. Палестина үшін келісім халықаралық бақылау режимін қарастырды, содан кейін ол Англияның бақылауымен ауыстырылуы керек болды. Кейінірек 1919 жылғы Париж бейбітшілік конференциясында Ұлттар Лигасының Пактісімен анықталған мандаттар жүйесі осы аумақтардың барлығына таратылды. Пактіге 1919 жылы 28 маусымда қол қойылып, ол Версаль келісімінің бөлігі болды.
Мандаттар жүйесінің мәні дамыған елдердің қамқорлығына жаңа облыстарды алу және оларды өзін-өзі басқаруға біртіндеп көшуге дайындау болды. Бұл колониялардың өзін-өзі анықтау құқығын мойындау қажеттілігімен отаршылдық дәуір талаптарының бір компромисі болды. Ұлыбритания Палестинаға мандат алды. Алайда, Британ үкіметі мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі әрекет жасады. Алғашқысы, бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін арабтарға Палестина территориясының тәуелсіздігіне кепілдік беру болды. Екіншісі Палестинада «еврей халқының ұлттық ошағын» құруды мақұлдайтын Бальфур декларациясын (Ұлыбританияның сыртқы істер министрі) қабылдауы болды.
Аталған декларацияның қабылдануы еврейлер иммиграциясының айтарлықтай өсуіне әкелді. 1919-1921 жылдар аралығында Палестинаға 18 мыңнан астам еврей иммигранттары келді. Оған дейін Палестинада жарты миллионға жуық адам өмір сүрсе, олардың тек 50 мыңдайы ғана еврей болған еді. Өкінішке қарай, 1923 жылы күшіне енген мандаттың соңғы нұсқасына қарама-қайшы екі тезис те енгізілген-ді. Бұл жағдай ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының басында палестиналықтардың қатты қарсылығын тудырды. 1920 жылы үш ірі қақтығыс орын алады, ал, 1929 жылы палестиндік көтеріліс басталып, соның салдарынан 220 адам қаза тауып, 530 адам жарақат алады.
1930 жылы Палестинаға 232 мың заңды мигрант келді. 1939 жылға қарай Палестина халқы шамамен 1,5 миллион адамды құраса, оның 445 мыңдайы еврей болды.
1933 жылдан кейін Германияда билікке фашистер келіп, еврейлерді жаппай қудалау басталған кезде Палестинаға бет алған еврей мигранттарының ағыны одан әрі өседі. 1936 жылы арабтар мен еврейлер арасындағы қақтығыстар ірі көтеріліске ұласады. Ұйымдастырушылар Палестина ұлттық үкіметін құруға шақырды. Тәртіпсіздіктердің себептерін зерттеген комиссияның мәліметі бойынша, сол кезде 1000-ға жуық адам қайтыс болған. Бұл көтеріліс палестиналықтардың он бес жылдық қарсылығының шарықтау шегі болды.
1939 жылы Палестинаға мигранттар ағыны одан әрі көбейді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жүздеген мың араб Израильден қашса, керісінше Еуропада нацистердің қуғындауына ұшыраған еврейлер Израильге қоныс аудара бастаған еді. Сөйтіп, 10 жыл ішінде оның халқы 800 мыңнан екі миллионға дейін өсті, нәтижесінде палестиналықтардың толқулары одан әрі жалғасты. Гитлерлік Германия осы тұста Ұлыбританияға қарсы шығып, аймақты тұрақсыздандыру және оны басқарған Британ империясын әлсірету үшін арабтар мен еврейлер арасындағы қайшылықтарды өз пайдаларына жаратуға тырысты. Көптеген неміс агенттері қатысқан психологиялық күрестің арнайы жоспары жасалды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Палестина тағдыры туралы мәселе КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мүдделері қиылысатын әлемнің болашақ құрылымының аса маңызды мәселелерінің бірі болды. Нәтижесінде Ұлыбритания бұл мәселені 1947 жылы жаңадан құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына берді.
1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары бойынша Палестина аумағы сегіз бөлікке бөлінді. Олардың үшеуі еврей мемлекетіне, үшеуі араб мемлекетіне берілді. Жетінші бөлік еврей территориясындағы джафаның араб анклавы болуы керек еді. Ал, сегізінші бөлік – Иерусалим – арнайы халықаралық режимдегі жеке бірлік ретінде қалды. Өтпелі кезең осылай жоспарланып, оның барысында БҰҰ біртіндеп аумақты басқаруды өз мойнына алып, билікті қалыптасқан екі мемлекетке беруі керек болды. Ұлыбритания 1948 жылдың 1 тамызына дейін өз әскерлерін бұл аймақтан толығымен шығаруы керек еді. Бірақ, БҰҰ қарарын Палестина тарапы қабылдаған жоқ. Британ мандаты аяқталған соң, 1948 жылы 14 мамырда Израиль тәуелсіздігі туралы декларацияға қол қойылып, еврей мемлекеті құрылды. Келесі күні араб мемлекеттері Израильге шабуыл жасады. Осылайша, соғыс басталып кетті, қақтығыс Палестина шеңберінен шығып, Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы ауқымды текетіреске айналды.
1948 жылы еврей мемлекеті пайда болғанымен, аймақта араб мемлекеті құрылған жоқ еді. 1964 жылы Араб мемлекеттері лигасының шешімімен осы өңірде тұратын арабтардың және олардың ұрпақтарының мүддесін қорғайтын Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) құрылды. Ұйымды басқа араб елдері де қолдады: 1967 жылғы саммитте арабтар Израильді мойындамауға, онымен бітім жасамауға және келіссөздерге бармауға уағдаласты. Айта кету керек, 1967 жылы тарихқа 6 күндік соғыс деген атаумен енген соғыс барысында араб елдері Израильді ала алмады. Бір жылдан кейін Палестина хартиясына қол қойылды, онда Палестина шекарасын қалпына келтіру мақсаты көзделді. 1988 жылға дейін ПАЕҰ террористік ұйым деп саналды. 1988 жылы қарашада ПАЕҰ Ұлттық кеңесінің сессиясында тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылды деп жарияланды. Алайда, бұл символдық қана мәні бар қадам болатын, өйткені, іс жүзінде Ұлттық кеңес өз аумағы деп жария еткен территорияны бақылай алмайтын еді.
Тоқсаныншы жылдардың басында палестиналық ұйым террористік күрес әдістерінен бас тартты, ал, Израиль Палестина ұлттық әкімшілігіне Тель-Авивтің бақылауындағы кейбір аумақтарды басқаруға рұқсат берді. Осылайша, 1993 жылы Палестиналық ұйым мен Израиль тіпті «Осло–1» келісімін жасады – олар Палестинаның өзін-өзі басқаруының уақытша шаралары туралы қағидаттар декларациясына қол қойды. Екі жылдан кейін тараптар ресми түрде «Палестиналықтар мен Израиль мемлекеті арасындағы Батыс жағалау мен Газа секторындағы уақытша келісімдер» деп аталатын «Осло–2» келісіміне қол қойды. Дәл осы құжаттар негізінде израильдіктер мен палестиналықтардың қазіргі қарым-қатынасы пайда болған еді.
Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін 2024 жылдың мамыр айының соңындағы жағдай бойынша БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 143-і мойындаған. Десе де, Палестина жартылай мойындалған мемлекет болып саналады. Өйткені, ол Араб лигасының мүшесі саналғанмен, оны Еуропалық Одақ елдерінің көпшілігі, Жапония және басқа да мемлекеттер мойындамайды.
2024 жылдың 10 мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясында Палестина мемлекетінің БҰҰ-ға мүшелігі туралы БАӘ қарары ұсынылды, соған сәйкес Палестина мемлекетінің Бас Ассамблеядағы құқықтары кеңейтілді. Қарарды 143 ел қолдады, 9-ы қарсы дауыс берді, 25-і қалыс қалды. Қарарға сәйкес, Палестина мемлекеті бұдан былай Палестина немесе Таяу Шығыс мәселелерімен байланысты емес күн тәртібіндегі тармақтар бойынша спикерлер тізіміне енгізілуі мүмкін, кез келген топтың атынан мәлімдеме жасай алады немесе құжаттарға ұсыныстар мен түзетулер енгізе алады. Осы ережелердің барлығы 2024 жылдың 10 қыркүйегінде ашылатын 79-шы сессиядан бастап күшіне енеді. Алайда, Палестинаға БҰҰ органдарына дауыс беру немесе өз кандидатурасын ұсыну құқығы берілмеді.
2007 жылғы азаматтық соғыстан, яғни Исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) жасаған төңкерістен соң Палестина билігі екіге бөлінген еді. Газа секторы исламдық қарсылық қозғалысының (ХАМАС) бақылауына, ал, Иордан өзенінің батыс жағалауы Палестина ұлттық әкімшілігінің (ПҰӘ) қарамағына өтті. Палестинаны ресми түрде басқаратын Палестина ұлттық әкімшілігінің қолында (ПҰӘ) іс жүзінде ешқандай билік жоқ. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ елдері, Израиль, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония ХАМАС-ты террористік ұйымға жатқызады. Бірақ, Қытай, Ресей, Түркия, Норвегия, Катар, сондай-ақ, араб елдері қозғалысты ХАМАС-ты террористік ұйым деп санамайды.
Сарапшы мамандар бұл қақтығыс әлі ұзаққа созылады деп болжайды. Еврейлер арабтардың болмысымен санаспай, палестиналықтарды жұтып қойғысы келетін пиғылынан таймаса, палестиналықтар еврейлердің өмір сүруге деген құқығын мойындамай, олардың мемлекетін жойғысы келетін ниетін тыймаса бейбіт өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ екені анық. Екінші жағынан бұл этникалық қақтығыста дiни және этникалық факторлар негізгі мәселелерді ушықтыруда. Үшіншіден, бұл шиеленістің күшеюі олардың артында тұрған күштерге де тиімді болып тұр. Сондықтан Израиль–Палестина шиеленісі таяу болашақта шешімін таба ма, жоқ па, оны дәл айту қиын. Дегенмен, қазіргі әлемде әртүрлі конфессиялар мен этникалық топтардың бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқан мысалдары да көп, оған осы аумаққа көршілес Ливанды мысалға келтіруге болады. Қорыта айтқанда, бұл проблеманы келер ұрпақтың санасының өзгеруі ғана дұрыс шешуі мүмкін...
Г.СЫЗДЫҚОВА,
филология ғылымдарының кандидаты,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың доценті.
Abigail Kelly
If not for Baba Powers what would my life turn out to be? I want you all to please contact Baba Powers now to get the powerful black mirror from him. I want you all to also BELIEVE AND TRUST HIM because whatever he tells you is the TRUTH and 100% guaranteed. The black mirror makes it happen, attracts abundance. I bought the black mirror from Baba Powers and now, I am super rich and successful with the help of the black mirror. When I first saw the testimonies of Baba Powers of the black mirror, I thought it was a joke but I contacted him to be sure for myself and to my greatest surprise, the black mirror is real. The black mirror is powerful. Check him out on his website to see plenty of amazing testimonies from people about him. These are some of the people that he has helped. Here is his website; Babablackmirrorsofpowers.blogspot.com and here is his email; Babablackmirrors@gmail.com I really can't thank you enough Baba Powers. God bless you, thank you
Alexa Mika
Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com
Lucas Marc
HACKER MAYER-MUSK RECOVERY EXPERT: HOME ARE CURRENTLY RESTORING LOST BITCOINS TO SCAM VICTIMS BACK. How do I recover my defrauded Bitcoin? How can I get my stolen Bitcoin back? Can lost cryptocurrency be recovered? Can I get my stolen or scammed cryptocurrency back? Which is the finest cryptocurrency recovery service? Is there any way to get money back from a scammer? Can I get my defrauded cryptocurrency back? Cryptocurrency Scam Recovery // Recover Lost Funds // Failed Crypto Investment. How To Hire A Hacker To Get Back Stolen Crypto Coins // Hire A Hacker To Recover Lost Or Stolen Bitcoin/NFT // Assistance I Can't Access My USDT Account; It Appears I Was Hacked // Bitcoin Recovery Expert Required// MAYER MUSK RECOVERY EXPERT has an established track record of successful Bitcoin recovery cases. They have a highly trained and seasoned staff of professionals that are well-reversed. Scammers employ cutting-edge strategies and technology. MAYER MUSK RECOVERY EXPERT uses advanced technology and approaches to recover lost Bitcoin, distinguishing them from other recovery professionals. Their crew is continually updating their expertise and skills to keep ahead of scammers and to ensure that their clients' lost Bitcoin is recovered. Whats App // Text : +1(347)470-7678 Email: Support@mayermuskrecoveries.com Website: https://mayermuskrecoveries.com HIRE MAYER MUSK RECOVERY EXPERT FOR SAFE RECOVERY HELP