Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қабылдады

Кентау шаһарында бұқаралық және ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспарлар жасалып, жұмыстар тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Бұл жөнінде қала әкімі Жандос Тасов жыл басынан спорттың бірнеше түрінен жетістікке жеткен чемпион спортшылармен кездесуде атап өтті.

– Сіздердің спорттағы жетістіктеріңіз ел мерейін өсіретін, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі. Кентаудың абыройын асқақтату жолындағы спорт саласында жеткен жетістіктеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осы саланың сан қырларын меңгеріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбірете беріңіздер, – деді қала басшысы.

Кездесуге келген барлық спортшылар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-құрметке бөленді.

Жалпы, Кентау қаласында 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі,1 спорт клубы жұмыс істейді. Аталған мекемелерде спорттың 19 түрі бойынша 5026 бала мен жасөспірім шұғылдануда.

2024 жылдың 6 айында бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында 60-қа жуық іс-шара өткізіліп,10 мыңнан аса адам қамтылды. Оның ішінде 5 республикалық,  10 облыстық және 40 қалалық іс-шара бар.

Биыл қала әкімінің қолдауымен Кентау спорт клубына қосымша 3 спорт залы жалға алынып, 200-ден аса жасөс-пірімнің спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалды.

Жыл басынан бері қала спортшылары бірнеше халық-аралық, республикалық, облыстық жарыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінді.

 

«ОҢТҮСТІК»-АҚПАРАТ.

Пікір қалдырыңыз