Ауылына алтын жүлдемен оралды

Мақтаарал ауданындағы Ақ алтын ауылында дүниеге келген Дильдора ес білгелі өздігінен жүріп, тұра алмады. Бертін келе бір аяғының ауырғаны аздай, екінші аяққа да салмақ түсті. Дильдора 2-сыныпта оқып жүргенінде Өзбекстанда аяғына ота жасалады. Ота сәтті аяқталып, ол үйіне балдақпен келеді. 
Дильдора өмір сүруге өте құштар жан. Оның талпынысын ешкім де тоқтата алмайтын еді. Ол 12 жасынан бастап үйде отырып тігін тігуді үйренді. Сол ісін одан әрі дамытып, түрлі тапсырыстар қабылдай бастады.
Дильдораға коксартроз (буындардың созылмалы дегенеративті дистрофиялық ауруы) деген диагноз қойылған. Нақтылай айтқанда ұршық сүйегінің басы және жамбас сүйегі мүжілген. Алайда, өмірге құштар Дильдора Шакарова қарап отыра алмады. Өжет қыз 2022 жылы Мақтаарал аграрлық колледжіне бухгалтерия мамандығы бойынша бір жылдық курсқа түседі. Оны бітірген соң спортқа деген қызығушылығы арта түседі.
Жуырда тірек-қимыл аппараты және көтеру органдары зақымданған спортшылар арасында қол күресінен Қазақстан Республикасы кубогі жолындағы бәсеке мәреге жетті.  Дильдора осы жарыста 1-орынды жеңіп алды. Ол өзінің алға қойған мақсатына жетпей тоқтамайды. Соның нәтижесінде биік белестерді бірінен соң бірін бағындырып келеді. Көкшетау, Тараз қалаларында өткен жарыстардан да жүлделі оралды. Өжет қызға «жеңіс жеңіске ұлассын!» демекпіз.

Ирода НАСИРОВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ журналистика факультетінің 2-курс студенті.

3 пікір

  • lisa johnson
    lisa johnson

    HOW I RECOVER MY MONEY FROM CELEBRITY SCAMMER I'm still trying to process the emotions after being scammed by a celebrity impersonator who I thought I had fallen in love with. They convinced me to send $200,000 in Bitcoin, leaving me heartbroken and financially drained. BUT, thanks to the expertise of jetwebhackers, I was able to recover my money and report the impersonator! I'm grateful for their help in bringing me justice and warning others about these types of scams. Please be cautious and don't let your emotions cloud your judgment like I did. #scamalert #celebrityimpersonator #bitcoinrecovery reach out to JETWEBHACKERS, on their EMAIL:jetwebhackers@gmail.com TELEGRAM: @jetwebhackers

  • Westlake Loans
    Westlake Loans

    Do you need a legit personal loan Christmas and holiday loans? Have you been turned down by your banks? You need money for one reason or another. You are sincere and honest Do you need a loan to pay off debts, bills or to implement a project? furthermore, we offer loans fast and reliable, with an annual interest rate of 2%. We are reliable If you are interested, please do not hesitate to contact us directly. Email: Loanwestlake@gmail.com telegram___https://t.me/loan59

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

Пікір қалдырыңыз