Дезинсекция жұмыстары басталды

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, өңірде шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды. Мамандар облыс аумағындағы 352 шақырым болатын Сырдария өзенін 6 аймаққа бөліп, әрбір 60 шақырымын дәрілемек. Сондай-ақ, олар дәрілік заттың төрт түлік малға, балық пен өзге тіршілік иелеріне қауіпсіз екендігін атап өтті

Шіркейлердің дернәсілдерімен күресу үшін дәрілерді суға жіберу әдісі, ал, су қорғау және далалық аймақтарда химиялық өңдеу әдісі қолданылмақ. Дезинсекция жұмыстарының өңдеу алаңы, дәрінің көлемі  ғылыми сүйемелдеудің қорытындысына сәйкес жүргізілуде. Биыл 8 ақпаннан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған бағыттағы жұмыстарға 42 техника мен 96 жұмысшы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда облыста шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстарын мердігер мекеме – «Satti Tulik» ЖШС-і жүргізуде. Дезинсекция жұмыстарына әуе ұшағы, арнайы көліктер мен мамандар тартылған. 
Пікір қалдырыңыз