Кітап оқу жас талғамайды

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қызылқия ауылдық кітапханасында «Рухани байлықты оқу жас талғамайды» атты әдеби іс-шара өтті. Шараға 70-80 жас аралығындағы аға буын оқырмандар шақырту алып, жас өренге үлгі ретінде көрсетілді. «Не үшін оқу керек?» сауалынан бастау алған пікірталас сұрақ-жауап форматында өрбіді. Кітапты жанына серік еткен аға буын толымды тәжірибесімен бөлісіп, жас оқырманға бағыт-бағдар көрсетті. Іс-шара барысында ән айтылып, қазақ ақындарының өлеңдері оқылды. Шара соңында ұйымдастырушылар әдеби кеш қонақтарын марапаттап, алғыс хат табыстады.

 

Әсем Досбергенова,

Қазығұрт аудандық кітапхананың кітапханашысы.
Пікір қалдырыңыз