Қоржында – қос алтын

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Астана қаласында 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында үлкен теннистен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 13 команда қатысып, 70-ке жуық спортшы бақ сынады. 
Осы чемпионатқа Түркістан облысынан 6 теннисші қатысып, нәтижелі өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы бәсекеде Гузаль Айнитдинованың бағы жанды. Талантты спортшы жұптық сында алтыннан алқа тақса, жекелей сында да ешкімге дес бермей, ел чемпионы атанды. 
Түркістан облысының мақтанышы Гузаль Айнитдинова – «Түркістан теннис клубының» шәкірті. Бұл – үлкен теннистен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Серікғани Көшербаевтың шәкірт тәрбиелеуде орасан зор еңбегінің нәтижесі.

Пікір қалдырыңыз