Жетісайда 90 гектарға қауын-қарбыз егілді

Көктемі ерте келетін Жетісай ауданының диқандары қауын-қарбыз егуді жылда ақпан айында-ақ бастап кететін. Биыл олар ауа райына байланысты аталған дақылды егуді 10-15 күн кешігіп бастады.
Әйтсе де, күн  жылынғанын тиімді пайдаланған Ж.Ералиев, Атамекен, Қызылқұм, Ынтымақ, Жаңа ауыл, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің диқандары 93 гектарға бақша дақылдарын егіп үлгерген. Оның 75 гектарына қауын, 18 гектарына қарбыз егілген.
Өткен жылы бақша дақылдары егілген 1311 гектардың 1084 гектарына қауын, 227 гектарына қарбыз еккен Жаңа ауыл ауылдық округінің шаруалары биыл 1500 гектарға бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Оның 1300 гектарына қауын, 200 гектарына қарбыз егіледі. Бүгінгі таңда бақша дақылдары егілген 70 гектар егістіктің 60 гектары қауын болса, 10 гектары қарбызды құрап отыр.
Өткен жылы суармалы егістік жерінің 15,2 мың гектарына бақша дақылдарын, соның ішінде 11 мың гектарға қауын,  4,2 мың гектарға қарбыз егіп, 418 мың тонна өнім жинаған жетісайлық диқандар биыл 19 мың гектарға бақша, оның 14,4 мың гектарына қауын, 4,6 мың гектарына қарбыз егуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз