Ақтаудан мерейлі оралды

Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың барлық өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті төмен спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. 
Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар осылайша Түркістанға мерейлі оралды. Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер қарсы алды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз