Бұқаралық спортты насихаттады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында бұқаралық жүгіру спорттық  іс-шарасы өтті. Спорттық бәсекеде санитарлық талаптар толық сақталды.

Бұқаралық жүгіру спорттық іс-шарасына қала тұрғындары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, дене шынықтыру және спорт басқармасының, басқармаға қарасты спорт мекемелерінің қызметкерлері, жалпы 400-ге жуық адам қатысты. 

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов сайысты салтанатты түрде ашып бергеннен кейін қатысушылар патриоттық әндер тыңдап, 7 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. 

Жарыс нәтижесінде Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының жаттықтырушысы Бақдәулет Рисабеков мәреге бірінші болып жетті. 

Мәреге алдыңғы қатарда келген желаяқтар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз