Ән-жыр көшін сарыағаштықтар жалғастырды

Облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен бастау алған «Рухани керуен Түркістанда» атты акция Сарыағаш ауданы жалғасты. 

Сарыағаш аудандық орталық кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері, жас өнерпаздар көшті әннен шашу шашып, арнау өлеңдерімен бастап келді. «Жаңа қоныс құтты болсын» деген тілекпен шашу шашылды. Акцияны  аталмыш кітапхананың директоры Жанат Шардарбекова мен Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалбибі Сейдірқызы ашып берді. 
Шараға қатысушылар әрі қарай кітап көрмелеріне шолу жасап, «Әл-Фарабидің ғылымға келу жолы» атты қойылымды тамашалады. Одан кейін белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Шойбек Орынбаймен кездесу кеші болды. «Шыңға шыққан Шынар» атты тақырыппен өткізілген кездесуді жазушы, ақын, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры Әбілсапар Тұрғынбаев жүргізді. 
Кітапхананың екінші қабатындағы балалар бөлімінде жас оқырмандарға «Ұлы дала даналары» атты брейн-ринг интелектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Пернекүл СЕЙТБЕКҚЫЗЫ, 
Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 
қызметкері.
Пікір қалдырыңыз