Даланы жырмен тербеткен

Өз заманының ұлы жыршысы, қазақ халқының біртуар перзенті Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Шымкент кампусы кітапханасында жастарға арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті. 
Әдеби кеші Шымкент кампусының оқу ісі бойынша деканы Сәуле Ақтілеуқызы ашып, ақын жырларын оқып, оның шығармашылығы жайлы сөз өрбітті. Кештің тақырыбына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 Студенттер Жамбыл бабамыздың сыршыл өлеңдерімен сусындап, өздері де тыңдады, сондай-ақ, өздері «Ленинградтық өренім», «Отанды сүй», «Балама хат»,  «Шын жүректен», «Ата жаумен айқастық» өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шара соңында студенттер кітап  көрмесіндегі ақынның жырлары, өмір жолы, айтыстары жайлы жазылған мақалалармен танысты. Ұлағатты жастары барда адалдық пен адамдықтың, әділеттік пен ізгіліктің жыршысы Жамбыл да мәңгі жасай бермек.

Ш.ӨМІРЗАҚОВА,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Шымкент кампусының кітапхана 
меңгерушісі.
Пікір қалдырыңыз