Асық атса, Түлкібастың өрендері атсын!

Асық ойнағанның бәрінің бірдей азбайтынына көзіміз бірте-бірте жетіп келе жатыр. Керісінше, асық ойыны өрендерді ептілікке, дәлдікке баулитынына бүгінде ешкім дау айтпайды. Содан да жер-жерде асық ойыны уақыт өткен сайын қанатын кеңге жая түсуде. Асық ойыны қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі – Түлкібас ауданы.

Жуырда Түлкібас ауданындағы А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің оқушылары Көкшетау қаласында өткен республикалық жарысқа Түркістан облысы атынан қатысып, екінші орын иемденді. Оларды денешынықтыру пәнінің мұғалімі Алмас Қарабаев жаттықтырады.

Осындай жарыс Қостанай қаласында да өтті. Оған қатысқан 2008-2010 жылы дүниеге келген өрендер бірінші орынды қанжығаларына байлап қайтты. Аудан атын асқақтатқандар арасында Даниал Нұркенұлы, Нұрсұлтан Зейдалы және Ақниет Уйнар бар. Біз түлкібастық жас спортшылардың алдағы кезде де жоғары орындардан көріне берулеріне тілектеспіз.

Айгүл СҮНДЕТОВА. Түлкібас ауданы.

 

 

Пікір қалдырыңыз