Жасөспірімдер бақ сынасты

Шымкент қаласындағы «Али спорт» спорт мектебінде бокстан әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Біржан Жақыповтың жүлдесіне арналған 2007-2010 жылдары туған жеткіншектер арасында ашық біріншілік өтті.

Жарысқа жүзден аса жасөспірім боксшы қатысып, он салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Бәсеке барысында мамандар назарын аударған жеткіншектер аз болмады. Солардың арасында 40 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Қайсаржан Серкебаев та бар. Қайсаржан Шымкент қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы  №9 IT лицей-мектебінің 5-сыныбында оқиды.

Сәтін салса, Біржан Жақыповтың жаңадан ашқан бұл спорт кешенінен әлі талай даңқты чемпиондар шығары сөзсіз.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

 

2 пікір

  • Серкебаева Гульназ Салдарбековна
    Серкебаева Гульназ Салдарбековна

    Болашағы жарқын болсын Қайсаржанның!!!!

  • Серкебаева Гульназ Салдарбековна
    Серкебаева Гульназ Салдарбековна

    Болашақта чемпион бола берсін.Болашағы жарқын болсын!!!

Пікір қалдырыңыз