Енді олар Ресейде доп тебеді

Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін қазақстандық футболшылардың қатары көбейе түсті. Маусымаралық үзіліс кезінде «Астананың» футболшылары Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Алексей Щеткин Волгоградтың «Роторына» ауысты.

Бұлардан бөлек «Астана» намысын қорғаған белоруссиялық ойыншы Иван Маевский енді «Ротор» жейдесін киеді. Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін «Урал» клубының қатарына Абат Айымбетов пен Максим Федин ауысты. Бұл қос футболшы жаңа клубтың сапында көзге түсіп те үлгерді. Жолдастық кездесулердің бірінде Федин қарсыластар қақпасына ұрылған голға пас шығарса, Абат Айымбетов «Урал» сапындағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, Ресей премьер-лигасында бұған дейін Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА) пен Марат Быстров (Ахмат) ойнап келген.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

 

 

Пікір қалдырыңыз