Биылғы жылдың басты бағдарламасы

      Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы тәу етер Тәуелсіздігіміздің мерейтойлық 30 жылдығындағы қазақстандықтарға арнаған биылғы алғашқы үндеуі іспетті. Қасым-Жомарт Кемелұлы жас мемлекеттің жүріп өткен жолдарына қысқаша шолу жасап, оның тарихи маңыздылығы мен шынайы мәнін терең ашып көрсеткен. Еңбек сонысымен құнды.

      Мақала «Бағдар мен белес», «Таным мен тағлым», «Қоғам мен құндылық» және «Ұлағат пен ұстаным» деген тақырыпшалармен тармақталып, егемендіктің мызғымас төрт сипатын да нақты тұжырымдайды. Олардың әрқайсысы көкірегі ояу, санасы сергек  ел азаматтарына ой тастайды. Ұлттық намысты оятуға түрткі болады. Мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінуге итермелейді.  «Тәуелсіздіктің құндылығы неде және оны қалай сақтау керек?» деген сауалдарға да жауап іздеуге мәжбүрлейді.

       ҚР Президентінің осы бағдарламалық мақаласы мемлекеттік органдар мен қоғам үшін айрықша міндеттер жүктеп, бағыт-бағдар беруі тиіс деп есептеймін. Осылайша мемлекет және қоғам бұдан дұрыс тұжырымдар жасап, Тәуелсіздіктің келесі онжылдығына толымды табыстармен қадам басуы қажет.

                                                                                                                          Шәріпбек ЖАМАЛБЕК,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Оңтүстік Қазақстан облысы Азаматтық Алянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз