Тропикалық жемістер Ордабасыны жерсіне бастады

Ордабасы ауданындағы Қажымұқан ауылдық округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді.

Қазіргі таңда кооператив мүшелері 1 гектарға анар, 3 гектарға алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Елнұр Сейдазимов 1000 түп анар, 6000 түп алма, 707 түп лимон өсіріп отыр. Лимонның өзінен биыл 20 тонна өнім алуды жоспарлауда. Былтыр бір жылдық көшеттің өзінен 4 тоннаға жуық өнім алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ауданда қарқынды бау көлемі де артып келеді. Қазіргі таңда аймақта қарқынды бау көлемі 400 гектарға жуықтаған. Қажымұқан ауылдық округіндегі «KazGarden» ЖШС-і жалпы құны 2 млрд. теңгеге 240 гектарға бау егуді қолға алған.

Ордабасы ауданы – негізінен аграрлы өңір. Егін және мал шаруашылығы қатар дамыған. Бөржар ауылындағы «Сабыр» шаруа қожалығы ірі қара мал және асыл тұқымды қой өсірумен айналысады.

2005 жылы құрылған қожалықта қазіргі таңда 8383 бас уақ мал бар, оның ішінде асыл тұқымдысы – 4640 бас. Онда 22 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Қожалық иесі Талғат Жанысбаев шаруашылығын сүт және ет бағытында дамытып отыр.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

 

Пікір қалдырыңыз