«Түргеш қағанаты» -- тарихтан сыр шертеді

Шымкент қаласындағы жасөспірімдер кітапханасында өлкетанушы Қаппар Сейдалыұлының «Түргеш қағанаты»
кітабының таныстырылымы өтті.
Ақын, сазгер Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» атты рухты әнімен ашылған кешке «Қазақтану ғылыми зерттеу орталығының» директоры М.Үмбетұлы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ. Анарбаев, Шымкент университетінің аға оқытушысы, тарихшы Б.Жаңабаев, «Адами капитал» журналының бас редакторы Ә.Ахметов, тыл ардагері Б. Қуанбеков, «Төлеби» қорының төрағасы Ж. Ізбасаров, Н. Оңдасынов атындағы №38, М.Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Жиналғандарға «Түргеш қағанаты» жайлы алдымен автордың өзі әңгімелеп берді. «Түргеш қағандығы» мемлекетінің тарихын деректерге сүйене отырып түсіндіріп, аталмыш еңбегіндегі әр бөлімдері бойынша нақты мағлұматтар беріп, енгізген тың ойларымен бөлісті. Ал, тарихшы М. Үмбетұлы мен Қ. Анарбаев осы еңбектегі деректер тарихи фактілерге қаншалықты сай келеді деген мәселе төңірегінде әңгіме қозғады.
Іс-шара барысында тыл ардагері Б.Қуанбеков кеш авторы
мен оқырмандарға ақ батасын берді. Мектеп оқушылары қазақ ақын-жазушыларының тарих
тақырыбына жазылған өлеңдерін жатқа оқыды.
Кеш соңында аталмыш кітапхана директорының орынбасары
Ұ. Ынтымаққызы кешті қорытындылап, өнерлі оқушыларды Алғыс хатпен марапатталды. Қ.Сейдалыұлы “Түргеш қағанаты” еңбегін кітапханаға сыйға
тартты.
АЯЖАН ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ,
М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың студенті.
Өнербай Шұғыла
Женше,мақалаңыз құтты болсын
Жұмалиева Гаухар
Ал,алғашқы мақалаң құтты болсын,жарайсың.қызық та мәнді туындыларың әлі де жарыққа шыға берсін.
КЕНЖЕБЕКОВА Гүлнар
Аяжан! Алғашқы мақалаң құтты болсын! Қаламың мұқалмай,жаңа туындылар дүниеге келе берсін! Алған бағытың өте дұрыс!
Жанболат
ЖӘРӘЙСІҢ ҚЫЗЫМ ТАЛАБЫҢА НҰР ЖАУСЫН.!!!!!