Туынды өзегі – әке мен бала арасындағы қырым-қатынас

Таяуда Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты «Әкелер мектебінің» ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында белгілі қаламгер, ақын, сатирик әрі сазгер Әкім Ысқақтың «Әкеммен сырласу» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Әдеби-сазды кеш барысында автордың қатысуымен әдеби қойылым қойылды. Әкім Ысқақ өз сөзінде әке мен бала арасындағы рухани байланыстың маңыздылығына тоқталып, кітаптың жазылу тарихы туралы айтып берді. 
Басқосуда оқырмандар тарапынан жылы лебіздер айтылып, кітаптың мазмұнына қатысты құнды пікірлер ортаға салынды.
Іс-шара барысында Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев, «Amanat» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров және аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев авторға жылы лебіздерін білдірді.
Қазақ руханиятына өзіндік үлес қосып жүрген мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын Әкім Ысқаққа шапан жабылып, құттықтау хат табыс етілді.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.
Пікір қалдырыңыз