Реалист суретші
Шынында суретшінің қиял кеңістігі шексіз тұңғиық әлеммен тең.
Әйгілі жазушы, суретші, философ Джон Рексин:
“Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады” деген екен. Шынында суретшінің қиял кеңістігі шексіз тұңғиық әлеммен тең. Осындай ерекше талант иесі, тарихи туындылардың авторы, “Қазақстан суретшілер одағының мүшесі” Омар Бабажанұлы.
Омар Бабажанұлы- Түркістан қаласы, Майшай Абенова елді мекенінің тумасы.
Жастайынан сурет өнеріне бейім келген ол 1985 жылы Шымкент қаласындағы Қастеев көркем сурет училищесіне оқуға түскен.
Оқуды 1989 жылы аяқтап, кейін 2 жыл совет армиясында болған. Армиядан келген бетте 2 жыл Колхозда жұмыс жасап, суретшінің ендігі жолы мектеп қабырғасында жарты жылдай қызмет атқаруымен жалғасқан.
1993 жылы университетке жұмысқа орналасып, содан бері университет қабырғасында шәкірт тәрбилеп, қызметін атқарып келеді.
ЕРЕКШЕ БАҒАЛЫ ПОРТРЕТ
Омар Бабажанұлының алғашқы шығармашылық жолы тарихи суреттер салуымен басталған, оның ұлттық тақырыптағы көріністері сурет өнеріндегі тарихи жанрды бейнеленеді.
Ондағы ерекше бағаланған сурет Қасымханның портреті болған. Суретшінің айтуынша дәл осы портрет адамдар арасында ерекше тарап, танылмалдылыққа ие болған. Сурет қазіргі таңда Қожа Ахмет Ясауи университеттің мұражайынан орын тапқан.
Суретші қаламында “Қожа Ахмет Ясауи”
“Орта әдеби мәдениеті” “Алтын адам” сынды туындылары да бар.
Сонымен қатар, “Қымыз дайындау”, “Аңырақай шайқасы””Алтын адамды жерлеу рәсімі”
“Тайқазанның құйылуы”” Отырар кітапханасы”” Соғым дайындау” “Қымыз дайындау” атты суреттері бейнеленген.
Суреттердің тарихи, реализи бағытта салынғанынан ақ суретшінің еңбегі қазақ тарихының кішкене болсын көрінісін сурет арқылы жеткізу екенін ұғындырады.
ШЕТЕЛДЕРДЕН СҰРАНЫСТАР ТҮСЕДІ
Суретші өз еңбектерімен шетелдік көрмелерге қатысқан.
“Кипрде біраз ескі қала көріністері туралы шығармашылық жұмыстарым бар.
Көбіне портреттертерге сұраныс болады, Алматы, Шымкент, кейде Россияданда сұраныстар түседі Түркияғада көп порттерім кетті.
Сұраныстағы көп кездесетін портрет мешіттің суреті,”- дейді ол.
“Былтыр Ұлытау конкурсына қатысқанмын “Жошы хан” Ақтөбеде “Сафура батыр” жайлы сурет салып, суреттерім біраз баспаларда жарық көрген болатын. Мен салған суреттер афишаларға басылып, қазіргі таңда музейлерде ілініп тұр,”- дейді Омар Бабажанұлы.
ШӘКІРТТЕРІМНІҢ АЛДЫ УЧИЛИЩЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Суретші жастардың сурет өнеріне деген қызығушылығы көп екенін жеткізді.
“Мысалға айтар болсам өзімде сондай шәкірттер болды, университетте 5 жылдай сабақ бердім.
Шәкірттерімнің алды училищелер одағының мүшесі болып жатыр, талай жарыстарда жүлделі орындар алып келді.
Өз қалауларымен келіп, сабақ алып, сурет өнерін үйреніп кетіп жататындарыда бар.
Нақты осынша адам деп айта алмаймын, шәкірттерім өте көп болды, 1,2 ай тіпті 1 жыл менен үйреніп жүретіндеріде болды,”- дейді ол.
Суретші шетелдерде көрмелер өткізген. оның ішінде былтыр Ресейде көрмеге қатысып, Кипрде жеке өз көрмесін өткізген.
Көрмеге 36 сурет салып “Күміс кілт” атты жоғары награданы жеңіп алған.
Суретші алдағы уақыттада ұйымдастырылатын симпозиум, конкурстарға қатысатын ниеті барын жеткізді.
Суретші, Омар Бабажанұлы
Сұхбаттасхан, Саурбаева Назым
ХҚТУ 4 курс студенті