Су да үнемделеді, өнім де көбейеді

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,
«Оңтүстік Қазақстан».

Мақтаарал ауданында Қытай технологиясымен тамшылатып суару қолға алынды. Бұл суды үнемдеп, мол өнім алуға негіз қалайды. Ал, өзбекстандық «Global textile» тоқыма компаниясы мақта талшығын терең өңдейтін зауыт салмақ. Бір сөзбен айтқанда, ғасырға жуық тарихы бар өңірде алдағы уақытта мақта кластері қарқынды дамитын болады.

 Мақтаарал ауылдық округіндегі «Хамро-Ата» шаруа қожалығы биыл мақтаны кеш еккен. Сәуір айының соңында шит жерге түсті. Дегенмен,  мақта ерте гүлдеп, жайқалып өсіп тұр. Көсегі де көп. Өйткені, мақта жаңа технологиямен – тамшылатып суару әдісімен егілді. Жалпы, ауданда 312 гектар жерге мақта шитінің жаңа сорты тамшылатып суару әдісімен егілген. Шит жерге тасталғаннан бастап егіс алқабына бірде бір техника кірген жоқ. Арамшөптер шабылмады. Өйткені, барлығы жаңа жүйенің көмегімен атқарылуда. Яғни шығын аз, қол күші қажет емес. Қожалық төрағасы Абдужалил Боевтың айтуынша, әр 70 гектар сайын тыңайтқышты бір жерден беретін автоматты насос қондырғысы орнатылған. Сол арқылы қозаға қажетті дәрумен, тыңайтқыш кестеге сәйкес уақтылы беріледі. «Мақта егу технологиясы бойынша алдымен мақтаның бойын өсіреміз. Бойы биік болса, көсекті көп салады. Қоза шырпылмайды. Қозаның төбесіндегі гүліне дейін толық көсектейді. «Балапанды күзде сана» демекші,  әр гектардан ең кемі 6 тоннадан «ақ алтын» жинаймыз деген жоспарымыз бар» дейді тәжірибелі диқан. Мақта піскен кезде оны да техниканың көмегімен жинап алмақ.
Абдужалил Боев басшылық жасайтын шаруа қожалығына тартылған жобаның жалпы инвестициялық құны 500 миллион теңгені құрайды. Жобаның ерекшелігі, дәстүрлі әдіспен салыстырғанда ағын су 50%-ға үнемделіп, өнімділік 60-70 центнерге артады.
Мақтааралдық диқандар ғасырға жуық уақыттан бері  «ақ алтын»  егумен айналысады. Алайда, күні бүгінге дейін ол шикізат күйінде сатылып келді. Енді мақта терең өңделеді. Жергілікті билік өзбекстандық «Global textile» компаниясымен келісімге келді. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, мақта-мата фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылады.

Мақтаарал ауданы.

1 пікір

  • Alicia Endre
    Alicia Endre

    HOW TO FIND AND RECOVER YOUR STOLEN BITCOIN I’m writing to the public to provide knowledge about Lost Recovery Masters. Look no further if you ever demand hacking services, When I lost more than $150,000 USD in bitcoin, individually I found myself in a challenging situation, I was inconsolable and believed I had reached my lowest point, I had no hope of getting my invested money back. All that changed when I discovered Lost Recovery Master and everything was transformed. The company intervened and helped me get all my money back within a short period of time. Their services are well recommended and they ensure maximum satisfaction to their clients. You can contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Whatsapp (+44(7537-105921) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз