Өңір делегациясы Қытай инвесторларымен кездесті
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, түрлі кездесулер өткізді.
Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (КХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
100 млн. халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 млн. турист келеді деп жоспарланған. Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group) компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта құруға қатысатын Чжэнчжоу әуежайының дамуына жетекшілік ететін ірі компания. Аталған компания авиациялық логистиканы нығайтуға және авиациямен байланысты салаларды оңтайландыруға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» бастамаларына белсенді қатысады. Экономика, мәдениет, туризм салаларында өңірлер арасында тығыз байланыс орнату өте өзекті мәселе.
Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді.
Таяуда ғана, облыс әкімі Дархан Сатыбалды Хэнань провинциясына іссапармен барып, Түркістан облысы мен Хэнань провинциясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Алдағы уақытта осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылады.