Түркістан – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Түркістан облысында өндіріс орындарын көптеп ашуға, инвестиция тартуға басымдық беріліп, бүгінде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы барлық мәселені бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөздер жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.
Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд. теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның 344,3 млрд. теңгесі немесе 80%-дан астамы – жеке инвестицияны құрайды.
Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі.
Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд. теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд. теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд. теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығына – 31 млрд. теңге, ал, мал шаруашылығына – 21,4 млрд. теңге бағытталған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.