Ғасырлар тереңінен естілген «Бабалар үні»

Түркістанда түрлі этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан «Бабалар үні» атты байқау өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған додаға облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың төрағалары және мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
Байқауды облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өнер додасының негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, өңірдің мәдени имиджін көтеруге атсалысу, сондай-ақ, этнос өкілдеріне қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттау.
Өнерлі жастар сайысына мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, мамандары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы қазылық етті. Байқау нәтижесінде Сайрам ауданынан қатысқан Жасмина Хантораева І орынға лайық деп танылды. Ал, түлкібастық Азиза Қажиева ІІ орынды, саурандық Данияр Расулов ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды. Өнерімен көзге түскен басқа да қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Нұрай БЕКАЙДАР,
М.Әуезов атындағы
ОҚУ-дың 3-курс студенті.
Пікір қалдырыңыз