Би әлемінің «Балаусасы» тағы бір биікті бағындырды


 Қазығұрт ауданындағы «Балауса» халықтық би ансамблінің қыздары талай жұрттың өнерсүйер қауымын тамсандырып келеді. Соның бір дәлелі ретінде жақында Қырғызстан республикасында өткен халықаралық «Алтын жұлдыз» би байқауын айтуға болады. Бәйгеде аталмыш би ансамблі хореграфия жанры бойынша Гран-приді жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты.

Ұлттық өнерімізді дамытуға үлес қосып келе жатқан «Балауса» халықтық би ансамблінің құрылғанына биыл 24 жыл. Осы уақыт аралығында ансамбльдің бағындырған биігіне қарап, оның алмаған асулары әлі алда деуге болады. Айталық, «Балауса» би ансамблі 2001 жылы Шымкент қаласында өткен аймақтық «Балауса -2001» ән-би байқауында III – орынды жеңіп алса, 2004 жылы  «Ақ көгершін» облыстық  балалар шығармашылығына арналған фестивальде I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2005 жылы «Ең үздік көркемөнерпаздар ұжымы» атанды. 2007 жылы  Арыс қаласында өткен «Қоңыраулы қошақан» ән-би байқауында Бас жүлдені иеленді. 2009 жылы «Оңтүстік – таланттар мекені» атты облыстық өнер фестивалінде «Ең үздік би ұжымы» болды. 2018 жылы «Ұлы дала елінің өнерлі де, өрлі, талантты ұрпағымыз» атты халықаралық өнер фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды. 2020 жылы «Жас Жұлдыз» республикалық өнер байқауында Бас жүлде, 2021 жылы «ҮЗДІК КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҰЖЫМЫ» номинация, «Balausa stars -2022» облыстық би байқауында Бас жүлде, «Жас Жұлдыз» республикалық өнер байқауында Бас жүлде, облыстық «Бал таңдай» балалар өнер фестивалінде Бас жүлде, 2023 жылы халықаралық «Qamajai» фестивалінде Бас жүлде иегері атанды.

Елдің қошеметіне бөленген 100-ден астам биші қызға бекзат өнерді жанына серік еткен, Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері Гүлнар Оразова жетекшілік етеді. Гүлнар Әріпқызынан тәлім алып, әлемдік сахналарда шеберліктерін шыңдап жүрген бишілердің қазақ өнерін жаңа белеске көтеруге қарай басқан қадамдары қуантады. Олардың өнер көгінде әлі талай жарқырай көрінетініне сенім мол. 

Ділбар ЕРКІНБЕКОВА,
Қазығұрт аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы.

1 пікір

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

Пікір қалдырыңыз