Түлкібаста жаңа кәсіпорын іске қосылады

Бүгінде «Түлкібас жеміс-жидектері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 1 млрд. 100 млн. теңгенің жобасын іске асыруда. Яғни жеміс-жидек өңдейтін кәсіпорын ашуды қолға алған. 
 
Жуырда Түлкібас ауданының  әкімі Нұржан Ізтілеуов аталмыш өндірістік кооперативіне арнайы барып, мұндағы жұмыс барысымен танысты, өндірістік кооператив басшысы, кәсіпкер Бейбіт Төлешовпен пікірлесті. Ауқымды жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпкерге мемлекет тарапынан қандай да бір көмек қажет бола қалса, заң талаптарына сай қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, істеріне сәттілік тіледі.
Кәсіпкерлік нысанның жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайды. Нысанды салуға жоспарланған қаржының 122 млн. теңгесі кәсіпкердің өз қаржысы, 350 млн. теңгесі мемлекеттік қайтарымсыз грант есебінен, қалғаны жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылып отыр. 
«Түлкібас жеміс-жидектері» өндірістік кооперативінде маусымында 3 мың тонна алмадан 0,2 литрлік 16 млн. 300 мың дана дайын ыдыстағы шырын, 90 тонна кептірілген жеміс, 100 тонна кептірілген алма ұнтағын және 50 тонна балалар тағамын (пюре) өндіру жоспарланған. 
Айта кетерлігі, кәсіпкер шикізатты басқа жақтан сатып алмаймын деп отыр. Айтуынша, өзінің 360 гектар алма бауынан шыққан өнімінің сақтауға жарамайтын бөлігін осы өндіріске жібермек. Қазіргі таңда негізгі нысанның құрылысы толығымен аяқталған. Алдағы күндері шатырын жабу және іші-сыртын әрлеу жұмыстары атқарылмақ. Одан кейін Қытай елінен қажетті құрылғылар алынып, оны орнату жұмыстары қолға алынады.
Өндіріс орны толық іске қосылған жағдайда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

2 пікір

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    МЕНІҢ КУӘЛІМДІ ОҚЫҢЫЗ Менің атым Алия Ахмед, қазақстандық, жалғыз басты, күйеуім қайтыс болғанға дейін бізге сонша қарыз қалдырды, мен қатты қарызды қалай өтерімді білмей, абдырап қалдым. Бір күні интернетті ақтарып отырып, мен Мариямның Albaker несиелік фирмасының несие алуға қалай көмектескені туралы куәлігін көрдім. Сондықтан мен компанияның поштасы арқылы 5 жылға 85 000 доллар несие алуға өтініш бердім ( albakerloanfirm@gmail.com ). Мен үшін не істегенін әлем білсін, мені таң қалдырды, 48 сағаттан аз уақытта менің несием 2% пайыздық мөлшерлемемен бекітілді. Қазір күйеуімнің қарызын өтеп, жеке өмірімді, бизнесімді бастадым. Мен жай ғана уәдемді орындадым. Сонымен, кем дегенде 2% несиенің кез келген түрін алғыңыз келсе, Albaker несиелік фирмасына оның электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз ( albakerloanfirm@gmail.com )

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз