Жаңа дағдыларды меңгерді

Түркістан облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Қазығұрт ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде тарих және құқық негіздері пәні бойынша «Оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында семинар өтті. 

Іс-шараның мақсаты – тарих және құқық негіздері саласында жаңа білім беру технологияларын игерген педагогтарды дайындау және сабақ өтудің дағдылары мен әдістерін жақсарту.
Жиын барысында педагогтар тәрбие мен білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық құжаттар туралы біліктіліктерін көтерді. Сондай-ақ, тарих және құқық негіздерін оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сабақты жоспарлау дағдыларын үйренді.
Сонымен қатар практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы теориялық білімін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Әсіресе, оқытудағы саралау тәсілдерін тиімді қолдану, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ұсыныстар мұғалімдер үшін өте пайдалы болды.

Ақерке Рысқұлбек,
Е.Тастыбаев атындағы 
жалпы білім беретін мектептің мұғалімі. 

Пікір қалдырыңыз