Тіл мәселесіндегі түйткілдер

Төлеби ауданында өткен облыстық семинардың негізгі арқауына айналды. Бұл іс-шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған болатын. Басқосуға Алматы, Шымкент қалалық, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстық мәдениет басқармаларының тіл жанашырлары мен ғалымдары, ономастика саласының сарапшылары және білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіби коучтер, тәжірибелі психологтар қатысты. Сонымен бірге облысымызға қарасты қала, аудандардың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас мамандары, сондай-ақ Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері және оқытушылары жиналды. 
Семинарды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып, өңірдегі Тілдерді оқыту және дамыту орталықтарының жай-күйімен таныстырды, жарнамаларды сауатты  жазу мәселесін көтерді. 
Іс-шараға қатысушылар аудандағы Тілдерді оқыту және дамыту орталығы оқытушыларының таңдаулы әдістемелік құралдарымен және электронды оқулықтарымен мұқият танысып, басқарманың тәжірибесіне енгізуге ниет білдірді. Мұнан кейін орталық оқытушылары өз ойларын ортаға салып, құнды пікірлерімен бөлісті.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

Пікір қалдырыңыз