Біліктіліктерін шыңдады

Созақ ауданындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-на қарасты Түркістан облыстық кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті. Курсқа институт тренері, тәжірибелі маман Нағима Әзбердиева жетекшілік етті.
Курс барысында әр ауылдан жиналған әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, оқу сауаттылығын көтеруге байланысты ұсыныстарымызды ортаға салдық. Білімімізді кеңейтіп, тәжірибе жинақтадық. Әрине, бүгінгі дамыған елдер қатарына қосылу үшін заман талабына сай білім қажет. Ал, осындай курстардың нәтижесінде ұстаздар үздіксіз ізденіп, кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады. Дарынды, талантты баланы жетістікке жеткізу, олардың мәтінді түсіну, ой қорыту сынды ерекше қырларын ашу тұрғысында мұндай курстардың берері мол.
Қысқасы, үздіксіз ізденіп, бүгінгі заман талабына сай қызмет ету – елдің ертеңгі иелерін тәрбиелеп жатқан ұстаздардың алдындағы ең жауапты міндет.
Шакизат ТҰРСЫНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Созақ ауданы.