Ерекше білімді қажет ететін кедергісіз оқушыларды ортаға бейімдеу


 

     Мектептерде  ерекше білімді қажет ететін оқушыларды ортаға бейімдеу үшін психологиялық- педагогикалық қолдау құрылғаны баршаға аян. Ерекше  білім беру жaғдaйындa ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр oқушылaрды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу арқылы мамандармен  мaңызды жұмыс  aтқaрaмып келеді.   Менің ойымша   ерекше білім беру - әр оқушыны  түрлі жолдармен белсенді, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға  білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде жеңіл тапсырмалар мен  оқыту , оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейміз. Оқушыларымыз осы қолдаудың арқасында ортаға еш кедергісіз тез бейімделеді. Мектепте ерекше білімді қажет ететін   8 оқушымыз бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі болғандықтан, жеке және бейімделген бағдарламаларды пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасаймыз.

Жеке түзету сабақтардың басты мақсаты: әр сыныптағы оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беріп жатырмыз. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу  болып табылады.

     Ерекше білімді қажет ететін оқушыларымызға негізгі пәндерден бағдарламаларын бейімдеп екі пәнді кіріктіру арқылы сабақ жоспарлармен жеңіл тапсырмалармен оқушыларға сабақ өтеміз. Кіріктіре- білім беру дегеніміз – қалып кеткен оқу мақсаттарының  және олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеңілдетілген тапсырмалармен,  сондай ақ өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мекемесінде  білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырып отырмыз. Бұл жағдайда оқушыларымыздың  білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларымызға  қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырамыз. Қазіргі  таңда ерекше білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар.

    Менің ойымша қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде арнайы педагогтың, педагог-логопедтің  түзете-дамыта оқыту, жеке, топтық сабақтары  біртіндеп  оқушының зейінін ашып, қана қоймай, ортаға кедергісіз бейімделуіне ықпал жасаймыз.

      Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы,  ата-анасымен  кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтаймыз, Оқушының  белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетеміз, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесеміз.  Психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.

 

Ж.Буланова.

Түркістан облысы,Жетісай ауданы

«№49 «Сырдария» жалпы білім беретін

мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

1 пікір

  • Evelyn Martinez
    Evelyn Martinez

    GET RICH WITH BLANK ATM CARD, Whatsapp: +18033921735 I want to testify about Dark Web blank atm cards which can withdraw money from any atm machines around the world. I was very poor before and have no job. I saw so many testimony about how Dark Web Online Hackers send them the atm blank card and use it to collect money in any atm machine and become rich {DARKWEBONLINEHACKERS@GMAIL.COM} I email them also and they sent me the blank atm card. I have use it to get 500,000 dollars. withdraw the maximum of 5,000 USD daily. Dark Web is giving out the card just to help the poor. Hack and take money directly from any atm machine vault with the use of atm programmed card which runs in automatic mode. You can also contact them for the service below * Western Union/MoneyGram Transfer * Bank Transfer * PayPal / Skrill Transfer * Crypto Mining * CashApp Transfer * Bitcoin Loans * Recover Stolen/Missing Crypto/Funds/Assets Email: darkwebonlinehackers@gmail.com Telegram or WhatsApp: +18033921735 Website: https://darkwebonlinehackers.com

Пікір қалдырыңыз